Халықаралық инженерлік-технологиялық университетінде 2025–2026 оқу жылына білім алушыларды жатақханаға орналастыруға қатысты сұрақтарға жауап беру үшін “АХУАЛДЫҚ ОРТАЛЫҚ” өз жұмысын бастады.
Ахуалдық орталықтың басты мақсаты – студенттер мен ата-аналарға жатақханаға орналасу тәртібі, қажетті құжаттар тізімі, қабылдау ережелері және басқа да маңызды мәселелер бойынша нақты әрі жан-жақты кеңес беру.
Орталықта білікті мамандар қызмет көрсетіп, METU жатақханасына байланысты туындаған кез келген сұрақтарға жедел және толық жауап береді.
Кеңес алу сағат 09:00-ден 18:00-ге дейін көрсетілген телефон нөміріне хабарласып немесе Әл-Фараби даңғылы, 93Г/5 мекенжайындағы 1-ші корпус, 63-кабинетке қабылдауға келуге болады.
METU ахуалдық орталығы жатақханаға орналастыру үдерісінің ашықтығы мен қолжетімділігін қамтамасыз етуді көздейді.
Байланыс телефондары:
Жастар саясаты департаменті:
Департамент директоры: Рыскелді Дина Дәулетқызы
Департамент маманы: Турсунова Жансая Айдосқызы
Телефон: 8 701 485 53 76
Студенттік ректор: Конакбаева Айдана Аскаровна
Телефон: 8705 100 18 41
Комендант: Боранкулова Гульмира Кагазбековна
Телефон: 8 777 534 51 11