2024 жылы «Автоматтандыру және басқару» мамандығы бойынша Халықаралық инженерлік-технологиялық университетін (METU) тәмамдаған Айдар Серікбаев еңбек жолын сәтті бастап, қысқа мерзімде кәсіби жетістіктерге қол жеткізді.
2024 жылдың қыркүйегінде Айдар «ҚазАзот» АҚ-на
жұмысқа орналасып, оқу кезінде осы кәсіпорында өндірістік тәжірибеден өткен.
Алғашқы күннен-ақ ол өзіне жүктелген міндеттерді жауапкершілікпен атқарып,
КИПиА инженері ретінде өзін көрсете білді.
2025 жылдың мамыр айында Айдар компания ішіндегі жылдың
үздік КИП маманы атанды.
«Менің кәсіби жолым енді басталды, бірақ мен өз
ісімді тапқаныма сенімдімін. Университет маған тек білім емес, өзіме деген
сенімділік те берді», - дейді Айдар.
Айдар 2002 жылы Ақтау қаласында дүниеге келген. Ол Алматыдағы METU қабырғасында маман ретінде қалыптасқанын мақтанышпен айтады. Жақында жас маман отбасын құрып, бұл өміріндегі жаңа кезеңнің бастамасы болғанын айтады: «Жұмыста - жас маман, үйде - жас жұбай. Екі жақта да жауапты болуға, жалқауланбай еңбек етуге үйреніп жүрмін».
Айдарға жарқын болашақ, жаңа белестер мен
жетістіктер тілейміз!