Главная Новости МИТУ ғалымдарының ғылыми әзірлемесі негізінде жаңа отандық өндіріс іске қосылды
31 Шілде 2025                  434
МИТУ ғалымдарының ғылыми әзірлемесі негізінде жаңа отандық өндіріс іске қосылды

2025 жылғы 30 шілдеде Халықаралық инженерлік-технологиялық университеттің (МИТУ) ректоры Акпанбетов Дархан Берікұлы қатты шырғанақ майы мен табиғи энтеросорбент өндіру технологиясын әзірлеу жобасы жүзеге асырылып жатқан өндірістік алаңға барды.

Қазіргі уақытта өндірістік алаңда ANKOR брендімен биологиялық белсенді қоспаларды шығару жолға қойылған. Бұл – ғылыми жетістіктердің нарықтық өнімге тиімді трансформациясының нәтижесі.

Жобаның практикалық жүзеге асырылуына негіз болған – МИТУ ғалымдары жүргізген ғылыми зерттеулер. Бұл зерттеулер Қазақстан Республикасы Ғылым қорының қолдауымен жүзеге асырылып жатқан коммерцияландыру жобасы DP21682074 «Қатты теңіз шырғанақ майы мен энтеросорбент өндіру технологиясын әзірлеу» аясында жүргізілді. МИТУ жобаның ресми өтінім берушісі болып табылады.

Сапарға сондай-ақ МИТУ Ғылым, инновациялық саясат және маркетинг жөніндегі проректоры Каруна Оксана Леонидовна мен ғылыми-инновациялық қызмет департаментінің директоры Куатова Мөлдір Жангелдіқызы қатысты.

Өндірістік алаңда әзірленген технология бойынша биологиялық белсенді қоспалар құрамында қолдануға арналған өнім шығарылады. Алаңға бару барысында өндіріс процесі, заманауи жабдықтар мен жобаның ауқымы таныстырылды.