Главная Студентам Студенческие новости Тоғызқұмалақтан жастар арасындағы Әлем чемпионаты
21 Тамыз 2025                  15
Тоғызқұмалақтан жастар арасындағы Әлем чемпионаты

2025 жылдың 21–30 шілде аралығында Чехияның Пардубице қаласында Дүниежүзілік Тоғызқұмалақ Федерациясы және Чехия Манкала Федерациясының ұйымдастыруымен алғаш рет 21 жасқа дейінгі жастар арасында Әлем чемпионаты өтті.
Чемпионатқа Чехия, Оңтүстік Корея, Испания, Румыния, Түркия, Австрия, Украина, Венгрия, Польша және Қазақстаннан 50-ге жуық спортшы қатысып, өзара бақ сынады.
Осы айтулы додада МЕТУ студенті Смагулов Сұлтан Аянович тоғызқұмалақтың блиц түрінен 3-орынды жеңіп алды!
Бұл жеңіс — Қазақстан спортының, ұлттық ойынымыздың әлемдік деңгейде өркендеп келе жатқанын дәлелдейтін айқын көрсеткіш!