МИТУ кітапханасында Қазақстан Республикасының Конституция күніне орай «Ата заң – тәуелсіздіктің тұғыры» атты кітап көрмесі ұйымдастырылды. Көрменің мақсаты – Ата заңның мәні мен маңызын, ел дамуы мен тәуелсіздігімізді нығайтудағы рөлін насихаттау. Оқырмандарға Конституция тарихы мен қағидаттарына арналған заңнамалық жинақтар, ғылыми еңбектер мен танымдық материалдар ұсынылды.