Главная Новости METU жаңа көкжиектерді бағындыруда: профессорлар Erasmus+ GreenTech Horizons халықаралық семинарына қатысуда
10 Қыркүйек 2025                  175
METU жаңа көкжиектерді бағындыруда: профессорлар Erasmus+ GreenTech Horizons халықаралық семинарына қатысуда

2025 жылғы 8–12 қыркүйек аралығында Сербияның Нови-Сад университетінде Erasmus+ жобасы аясында алғашқы Train the Teachers семинары өтіп жатыр. Іс-шараға Еуропа, Орталық Азия және Кавказдан 17 университет пен ғылыми мекеме өкілдері қатысуда. Бұл семинар жоғары білім беру саласында цифрландыру, тұрақты даму және инновациялық өзгерістерді талқылауға арналған маңызды алаң болып отыр.

Қазіргі таңда бұл семинарға Халықаралық инженерлік-технологиялық университеті (METU, Қазақстан) белсенді түрде қатысуда. Университет атынан қатысып жатқан профессор-оқытушылар құрамы:

  • Шохаева Қарлығаш Нұрланқызы, Халықаралық ынтымақтастық департаментінің директоры;

  • Дильдебаева Жұлдыз Тұрсынқызы, «Экономика және бизнес» кафедрасының меңгерушісі;

  • Абуова Алтынай Бурхатқызы, «Тамақ өнімдерінің техникасы мен технологиясы» кафедрасының меңгерушісі.

Университет өкілдері өз тәжірибелерімен бөлісіп, баяндамалар жасап, тұрақты даму, цифрлық инновациялар және білім берудің болашағы жөнінде пікірталастарға қатысуда.

Семинар педагогикалық және дидактикалық тәжірибелермен алмасуға, сондай-ақ тұрақты әрі цифрлық болашақты қалыптастыру жолында халықаралық ынтымақтастықты нығайтуға арналған құнды алаңға айналуда.