Главная Новости МИТУ студенттері Түркияны бағындыруда: Кастамону университетіндегі академиялық ұтқырлық
11 Қыркүйек 2025                  74
МИТУ студенттері Түркияны бағындыруда: Кастамону университетіндегі академиялық ұтқырлық

Халықаралық инженерлік-технологиялық университет өзара халықаралық ынтымақтастық аясын кеңейтіп, студенттерге академиялық мобильділік бойынша бірегей мүмкіндіктер ұсынып келеді.

Серіктестік келісімі аясында МИТУ студенттері бір семестрге Түркияның Кастамону университетінде оқуға аттанды. Бағдарлама жаңа білім алуға, тәжірибе алмасуға және халықаралық білім беру ортасында кәсіби құзыреттерді дамытуға бағытталған.

Академиялық мобильділікке қатысушылар:

  • Ержанқызы АяулымКоммуникациялар және коммуникациялық технологиялар;

  • Телеуова Аяжан НұржанқызыАқпараттық технологиялар;

  • Абиров Айқын МаратұлыАқпараттық технологиялар;

  • Маралбекқызы ШахназМенеджмент және басқару;

  • Оралбекқызы НұрзадаАзық-түлік өндірісі технологиясы және инжиниринг.

Академиялық мобильділік студенттерге жаңа мүмкіндіктер ашады: өзге елдің мәдениетімен танысу, тілдік дағдыларды жетілдіру, мәдениетаралық диалогқа қатысу және халықаралық еңбек нарығындағы бәсекеге қабілеттілікті арттыру.

Біз студенттерімізге сәттілік, жаңа білім, жарқын әсерлер, жаңа достар және Түркиядағы ұмытылмас тәжірибе тілейміз! Бұл қадам олардың үлкен жетістіктерге және халықаралық мойындауға бастар жолы болсын.