Главная Кафедры Әлеуметтік-гуманитарлық пәндер және әлем тілдері Новости кафедры Кәсіби бағдар беру жұмысы өз кезегін бастады
15 наурыз, 2017                  318860
Кәсіби бағдар беру жұмысы өз кезегін бастады
Мектеп бітірушілердің мамандықты дұрыс таңдауы олардың мүмкіндіктерін, икемділіктерін, қызығушылығының кәсіпке жарамдылығын көрсетеді. Әлеуметтік-гуманитарлық пәндер кафедрасының оқытушылары кезекті кәсіби бағдар беру жұмысына кірісті.

Алматы қаласының бірнеше мектептеріне барып, университет туралы толық мағлұмат беру арқылы оқушыларды білім алуға шақырды. Оқушылар тарапынан әр түрлі сұрақтар қойылып, мамандықтар жайлы қызығушылықтарын білдірді.

Оқытушыларымыз кәсіби бағдар беру жұмысын жүргізу барысында оқушыларға мотивация беруде алдына жан салмады.

Мектеп бітірушілердің болашақ мамандық таңдау қабілеттілігін анықтаудың орны ерекше болды. Көпшілігі физика-математика саласына жақын екендіктерін көрсетті. Егер жастар мамандық әлемінде бағдар алып белсенді түрде сол мамандық оның өміріне қажет екендігін біліп жатса, оның мамандыққа бағдарын айқындайтыны сөзсіз.

Алдағы уақытта кафедра оқытушылары осындай мақсатты бағытталған жұмыс маңызды және мазмұнды болады деп сенеді.