Польшаның Гливице қаласында орналасқан
Силезия Технологиялық Университетінің базасында «The 13th IEEE International
Conference on Intelligent Data Acquisition and Advanced Computing Systems:
Technology and Applications (IDAACS 2025)» атты халықаралық ғылыми конференция
өтті.
Халықаралық инженерлік-технологиялық университеті атынан «Жас Ғалым» ғылыми
жобасының жетекшісі Байшолан Назерке жасанды интеллектіні киберқауіпсіздікпен
қамтамасыз ету және қаржылық алаяқтыққа қарсы іс-қимыл саласында қолдану
бойынша жүргізілген зерттеулерінің аралық нәтижелерін ұсынды. Баяндама Workshop
Beyond 5G and 6G Networks Technologies and Security секциясында тыңдалып,
халықаралық ғылыми қауымдастық тарапынан жоғары бағаланды.
Зерттеу тақырыбы Қазақстан Республикасы Президентінің биылғы Жолдауында
белгіленген стратегиялық басымдықтарға, соның ішінде антифрод технологиялары
мен киберқауіпсіздікті дамытуға сәйкес келеді. Бұл қатысу Халықаралық
инженерлік-технологиялық университетінің әлемдік ғылыми кеңістіктегі беделін
арттыруға және шетелдік әріптестермен ғылыми ынтымақтастықты дамытуға ықпал
етеді.