2025
жылдың 12 қыркүйегінде Халықаралық инженерлік-технологиялық университетінде
(МИТУ) Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың халыққа
Жолдауына арналған дөңгелек үстел өтті. Іс-шараға «Әлеуметтік-гуманитарлық
пәндер және әлем тілдері» мен «Биохимиялық инженерия» кафедраларының
профессор-оқытушылар құрамы, сондай-ақ бірінші курс студенттері қатысты. Кездесудің кіріспесінде п.ғ.к.,
доцент А.С. Сисенбаева Мемлекет басшысының «Жасанды интеллект дәуіріндегі
Қазақстан: цифрлық трансформация арқылы өзекті міндеттерді шешу» атты
Жолдауының негізгі басымдықтарын айқындап, биылғы Жолдаудың цифрландыру мен
жасанды интеллектке арналғанын атап өтті.
Баяндамалар барысында студенттер ел дамуының түрлі салаларына қатысты
өзекті ойларымен бөлісті. Мария Крупина (ТиПП-25-1к) «Қазақстанда бірпалаталы
Парламентке көшу» тақырыбында саяси реформаның жаңа кезеңі туралы айтты. Индира
Бекболатқызы Жүсіп (БЖ-25-1к) «Каспий теңізінің экологиялық қауіптері және су
ресурстарын қорғау» тақырыбында теңіздің тартылуы мен экожүйенің бұзылуына
назар аударып, Каспийді құтқару жөніндегі мемлекеттік бағдарлама бастамасын
құптады. Сонымен қатар, Дина Заманова
«Қоғамдық орындардағы антиәлеуметтік мінез-құлық», Алтынай Маратова
«Қазақстандағы жоғары инфляциямен күрес», Әділет Баймұратов «Алатау-сити
жобасы», Әнел Қошқарбаева «Білім берудегі цифрлық трансформация», Руслан
Жұмабеков «Отандық өнімдерді қолдау», Яна Кононенко «СЭЗ Alatau қаласын
дамытудың негізгі аспектілері» тақырыптарында сөз сөйледі. Дөңгелек үстелге
қатысушылар Жолдауда көтерілген мәселелердің дер кезінде және маңызды екенін
атап өтіп, еліміздегі жаңғырту үдерістеріне зор қызығушылық танытты.