Университетте МИТУ кітапханасы жас мамандарға арналған «Жас маман» атты кітап көрмесін ұйымдастырды. Көрмеге тамақ өнеркәсібі, стандартизация және сертификаттау, метрология бағыттары бойынша оқу құралдары мен ғылыми әдебиеттер қойылды. Көрменің мақсаты – студенттер мен жас мамандардың кәсіби білімін жетілдіру, мамандыққа қатысты жаңа әдебиеттермен таныстыру, сондай-ақ ғылыми-зерттеу мен тәжірибелік қызметке бағыт-бағдар беру. Көрме барысында қатысушылар ұсынылған еңбектер арқылы теориялық білімін толықтырып қана қоймай, таңдаған саласы бойынша заманауи ақпараттарды алу мүмкіндігіне ие болды.