Халықаралық
инженерлік-технологиялық университетінде Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы
Тоқаевтың Қазақстан халқына арнаған «Қазақстан жасанды интеллект дәуірінде: өзекті
міндеттер және оларды цифрлық трансформация арқылы шешу жолдары» атты Жолдауы
кеңінен талқыланды.
Осыған орай
университет ректоры Ақпанбектов Дархан Берікұлы студенттермен кездесу өткізіп,
Жолдауда көрсетілген басым бағыттардың ел дамуы үшін стратегиялық маңызына
тоқталды. Әсіресе, жасанды интеллект, цифрлық технологиялар және инновациялар
саласындағы бастамалардың Қазақстанның болашағына ықпалы ерекше атап өтілді.
Ректор
жастарды жаңа технологияларды меңгеріп, ғылым мен білімді ұштастыра отырып, елдің
цифрлық дамуына үлес қосуға шақырды. Сондай-ақ, университет тарапынан
студенттердің бастамалары мен идеяларына әрқашан қолдау көрсетілетінін
жеткізді.
Кездесу
барысында студенттер өз ойларын ортаға салып, Жолдауда айтылған жаңа
мүмкіндіктерге қызығушылық білдірді. Олар үшін бұл басқосу тек пікір алмасу
алаңы ғана емес, сонымен бірге болашаққа деген жаңа көзқарас қалыптастыруға
ықпал етті.