Университетте AISANA инновациялық платформасының демонстрациясы өтті
Университетте жасанды интеллект саласындағы инновациялық ақпараттық бағдарлама — AISANA
платформасының демонстрациясы өтті.
AISANA білім беру, зерттеу және технологиялық мүмкіндіктерді біріктіреді. Платформа мүмкіндік береді:
- жасанды интеллект негіздері мен
терең бағыттарын меңгеруге;
- заманауи алгоритмдер мен
модельдер негізінде жеке жобаларды әзірлеуге және сынауға;
- оқу процесінде цифрлық
құралдарды қолдануға;
- студенттер, оқытушылар және
зерттеушілер арасында бірлескен жұмыс жасауға жағдай туғызуға.