Халықаралық инженерлік-технологиялық
университетінде ректордың студенттермен кездесуі өтті. Кездесу барысында ректор
университеттің жаңа инфрақұрылымын дамыту жоспарларын таныстырып, студенттерге
білім беру, ғылым және әлеуметтік саладағы ашылатын мүмкіндіктер туралы айтты.
Студенттерге жастар істері
комитетінің қызметі таныстырылды. Комитеттің басты мақсаты – көшбасшылық
қасиеттерді дамыту, студенттік бастамаларды қолдау және өзін-өзі жүзеге асыруға
жаңа жағдай жасау.
Іс-шара аясында Түркияда академиялық
ұтқырлық бағдарламасы бойынша білім алып жатқан METU студентімен онлайн
байланыс ұйымдастырылды. Ол өз тәжірибесімен бөлісіп, мұндай мүмкіндіктердің
көкжиегін кеңейтуге және кәсіби өсуге маңыздылығын атап өтті.
Кездесу барысында ректор
студенттердің сұрақтарына жауап беріп, олардың ұсыныстарына және пікірлеріне
назар аударды.
Шара соңында мемлекеттік «Ел
болашағы» грантының иегерлеріне кәсіби графикалық бағдарламалық қамтылымы
бар ноутбуктар салтанатты түрде табысталды. Кездесудің басты ұраны: «Ел болашағы жастар қолында» болды.