Главная Новости METU-да футбол жарысы өтті
19 Қыркүйек 2025                  973
METU-да футбол жарысы өтті

2025 жылдың 19 қыркүйегінде METU студенттер арасында футболдан тартысты жарыс ұйымдастырылды. Жарысқа барлығы 18 команда қатысып, үздік ойын өрнегін көрсетті.

Нәтижесінде:
1-орынТУР-25-1.3к командасы
2-орынИИТЭ-25-1к командасы
3-орынИИТЭ-25-1р командасы

Сонымен қатар, осы жарыс аясында МИТУ-дың басты құрамасына ойыншыларды іріктеу (отбор) жүргізілді. Бұл студенттерге өз шеберліктерін танытып, университет атынан ресми жарыстарға қатысуға мүмкіндік берді.

Футбол турнирі студенттердің спортқа деген қызығушылығын арттырып қана қоймай, бірлік пен командалық рухты нығайтты. Жеңімпаздарды құттықтаймыз!