Главная Кафедры Биохимиялық инженерия Новости кафедры «БИОХИМИЯЛЫҚ ИНЖЕНЕРИЯ» КАФЕДРАСЫНЫҢ БІРІНШІ КУРС СТУДЕНТТЕРІНЕ НОУТБУКТАР ТАБЫСТАЛДЫ
18 Қыркүйек 2025                  1748
«БИОХИМИЯЛЫҚ ИНЖЕНЕРИЯ» КАФЕДРАСЫНЫҢ БІРІНШІ КУРС СТУДЕНТТЕРІНЕ НОУТБУКТАР ТАБЫСТАЛДЫ

2025 жылғы 18 қыркүйекте Халықаралық инженерлік-технологиялық университетінде мемлекеттік білім гранты негізінде оқитын «Биохимиялық инженерия» кафедрасының бірінші курс студенттеріне ноутбуктарды салтанатты түрде табыстау рәсімі өтті.Бұл іс-шараның мақсаты – бірінші курс студенттерін қолдау және білім беру бағдарламаларын сапалы меңгеруге қолайлы жағдай жасау. Заманауи техника студенттердің электрондық ресурстармен тиімді жұмыс істеуіне, ғылыми-зерттеу тапсырмаларын орындауына және болашақ кәсіби қызметінде қажетті цифрлық дағдыларын дамытуына мүмкіндік береді.

Университет басшылығы грант иегерлеріне ноутбук беру – студенттерді сапалы білім алу үшін қажетті құралдармен қамтамасыз етуге және оларды ғылыми-зерттеу қызметіне тартуға бағытталған кешенді саясаттың бір бөлігі екенін атап өтті.

Студенттер университет әкімшілігіне көрсеткен қамқорлығы мен қолдауы үшін алғыстарын білдіріп, жаңа мүмкіндіктер олардың оқу жетістіктеріне және университет өміріне белсенді қатысуына ықпал ететініне сенім білдірді. Халықаралық инженерлік-технологиялық университетінде алдағы уақытта да білім беру ортасын дамытуға, инновацияларды енгізуге және әр студенттің әлеуетін ашуға жағдай жасауға ерекше көңіл бөлетін болады.