Главная Новости Кітапхана сабақтары студенттердің оқу мәдениетін қалыптастыруға үлес қосты
24 Қыркүйек 2025                  2043
Кітапхана сабақтары студенттердің оқу мәдениетін қалыптастыруға үлес қосты

Әр оқу жылының басында университетімізге жаңадан қабылданған 1 курс студенттеріне арналған кітапханалық-библиографиялық сабақтар мен кітапхананы таныстыру экскурсиялары дәстүрлі түрде өткізіледі. Бұл іс-шаралардың негізгі мақсаты – студенттерді кітапхананы пайдалану ережелерімен таныстыру, қажетті ақпарат көздерін тиімді пайдалану жолдарын көрсету, сондай-ақ оқу мәдениетін қалыптастыруға ықпал ету.

Кітапханалық-библиографиялық сабақтар барысында студенттер кітапхананың ресми сайтымен танысып, электрондық каталог арқылы кітап іздеуді, электрондық дерекқорлармен және толықмәтінді мәліметтер базасымен жұмыс істеуді үйренеді.

Сонымен қатар, 1 курс студенттеріне арналған кітапханалық экскурсиялар мен сабақтар бекітілген кесте бойынша бір ай бойы ұйымдастырылады. Бұл шаралардың нәтижесінде студенттер кітапхана мүмкіндіктерін жан-жақты пайдалана отырып, оқу процесінде қажетті әдебиеттер мен ақпарат көздерін табуды меңгереді.

Осылайша, МИТУ кітапханасында өткізілген іс-шаралар өз мәресіне жетіп, студенттердің білім алуына, кітапхана қорын тиімді пайдалануға үлкен септігін тигізді.