2025 жылғы 23 қыркүйекте Халықаралық инженерлік-технологиялық университетінде Шетелдік студенттер жиналысы өтті. Іс-шараны Халықаралық ынтымақтастық департаменті ұйымдастырды.
Кездесуді департамент директоры Қарлығаш Нұрланқызы Шохаева ашып, шетелдік студенттерді қолдау мен олардың университет өміріне белсенді қатысуының маңыздылығын атап өтті.
Жиын барысында департаменттің жетекші маманы Мырзаханова Қаракөз Еркінқызы академиялық мәселелер туралы: сабаққа қатысу ережелері, оқу үдерісінің ерекшеліктері және академиялық қолдау мүмкіндіктері жөнінде баяндады. Ал маман Бақыт Қантаева Бақыт Еркінқызы виза, тіркеу және Қазақстанда тұруға қажетті құжаттарды рәсімдеу мәселелеріне тоқталды.
Студенттер өздерін қызықтырған сұрақтарына жауап алып, бейімделу мәселелерін талқылады және тәжірибелерімен бөлісті. Сонымен қатар, жыл бойы Халықаралық ынтымақтастық департаменті достық атмосферасын нығайтуға және шетелдік студенттердің университет ортасына интеграциялануына бағытталған мәдени іс-шаралар өткізетіні хабарланды.