Халықаралық
инженерлік-технологиялық университетің «Биохимиялық
инженерия» кафедрасының профессорлық-оқытушылық құрамы Қазақстан Республикасы
Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың Қазақстан халқына арнаған Жолдауын ұйымдасқан
түрде тыңдауға толық құрамда қатысты.
Президент
Жолдауы еліміздің одан әрі дамуының, әлеуметтік тұрақтылықты нығайтудың, білім
мен ғылым жүйесін жетілдірудің маңызды бағдары болды. Мемлекет басшысы өз
сөзінде экономиканы жаңғырту, инновациялық технологияларды енгізу және білікті
кадрларды даярлау мәселелеріне ерекше назар аударды. Бұл бағыттар кафедра
қызметімен тікелей байланысты.
Оқытушылар
Президент айқындаған міндеттердің ғылыми-білім беру үдерісін дамытуға жаңа
мүмкіндіктер ашатынын, жастардың зерттеулер мен инновациялық жобаларға белсенді
қатысуына серпін беретінін атап өтті.
Кафедра
ұжымы қоғамда сұранысқа ие білікті мамандарды сапалы даярлай отырып,
белгіленген реформаларды іске асыруға өз үлесін қосуға дайын екендігін
білдірді.