Главная Кафедры Биохимиялық инженерия Новости кафедры ҚАЗАҚСТАН ЖӘНЕ ҚЫТАЙ ЖОО РЕКТОРЛАРЫ ФОРУМЫ
22 Қыркүйек 2025                  773
ҚАЗАҚСТАН ЖӘНЕ ҚЫТАЙ ЖОО РЕКТОРЛАРЫ ФОРУМЫ

2025 жылғы 22 қыркүйекте Алматы қаласында «Қытай (Сычуань) – Қазақстан жоғары оқу орындары ректорлары форумы және мектеп директорлары семинары» атты халықаралық форум өтті.

Форум жұмысына Халықаралық инженерлік-технологиялық университет (MITU) белсенді қатысты. «Биохимиялық инженерия» кафедрасын оқытушылар, білім беру бағдарламаларының әзірлеушілері, студенттердің сыртқы академиялық ұтқырлығына жауапты мамандар таныстырды.

Форум барысында тараптар жоғары білім беру жүйесінің өзекті мәселелерін талқылап, екі ел арасындағы ғылыми-білім беру ынтымақтастығын одан әрі дамыту жолдарын қарастырды. Ерекше назар академиялық ұтқырлыққа, қос диплом бағдарламаларына, сондай-ақ студенттер мен оқытушылардың тәжірибелік және зертханалық алмасуларына аударылды.

Сычуань педагогикалық университетінің ректоры Чжао Гохуа өз сөзінде қазақстандық студенттерді академиялық ұтқырлық бағдарламаларына белсенді қатысуға, қос диплом алуға мүмкіндік пайдалануға шақырды. Сондай-ақ ол зертханалық зерттеулер мен практикалық жобалар аясындағы бірлескен жұмыстың маңыздылығын атап өтті.

Форум қорытындысы бойынша Қазақстан мен Қытайдың жоғары оқу орындары арасындағы серіктестік байланыстарды кеңейтуге бағытталған келісімдерге қол жеткізілді.