Главная Кафедры Тағам өндірісінің техникасы және технологиясы Новости кафедры «ТиПП» кафедрасының ғалымдары Сербиядағы Green Tech Horizons оқу курсына қатысты
08 Қыркүйек 2025                  719
«ТиПП» кафедрасының ғалымдары Сербиядағы Green Tech Horizons оқу курсына қатысты

2025 жылғы 8–12 қыркүйек аралығында Сербияның Нови-Сад қаласында Green Tech Horizons халықаралық кездесуі өтті. Іс-шара Erasmus+ «Таяу Шығыс, Орталық Азия және Азия елдерінде білім мен инновациялар арқылы қос «жасыл» және цифрлық өтуді қолдау» (GreenTech Horizons) жобасы аясында ұйымдастырылды. Кездесуді UNS ұйымы үйлестіріп, жауапты тұлға ретінде Danijela Ciric Lalic қатысты.

Кездесу офлайн форматта өтіп, «жасыл» және цифрлық бизнес саласындағы педагогикалық және дидактикалық құзыреттерді нығайту мәселелеріне арналды. Сондай-ақ заманауи оқыту әдістеріне сәйкес бизнес-курстарды әзірлеу мен құрылымдауда оқытушыларға қолдау көрсетуге ерекше көңіл бөлінді.

«Азық-түлік өндірістерінің техникасы мен технологиясы» кафедрасынан кафедра меңгерушісі, профессор, ауыл шаруашылығы ғылымдарының докторы Абуова Алтынай Бурхатовна аталған кездесуге қатысты. Бұл жобаға қатысу кафедраның ғылыми-білім беру байланыстарын кеңейтуге, оқытудың инновациялық тәсілдерін енгізуге және «жасыл» мен цифрлық өтудің жағдайында болашақ мамандардың өзекті құзыреттерін қалыптастыруға ықпал етеді.