«Тағам өндірісінің техникасы және технологиясы» кафедрасында жаңа оқу жылы жоғары көңіл-күймен және табыспен басталды! Университет ректоры және ғылым, инновациялық саясат және маркетинг жөніндегі проректоры кафедраның үздік студенттеріне жеке өзі ноутбуктер табыстады.
Сонымен қатар, грант иегері болған бірінші курс студенттеріне
ноутбуктерді кафедра меңгерушісі және
эдвайзерлер табыстады. Бұл жаңа таланттарды қолдау мен оқу үшін қолайлы жағдай
жасаудағы маңызды қадам болды.
Барша студенттерді жаңа оқу жылының басталуымен
құттықтап, шығармашылық табыс пен кәсіби жетістіктер тілейміз!