25 қыркүйек 2025 жылы METU-де CareerTalks кездесуі
өтті, ол HeadHunter компаниясымен бірлесе ұйымдастырылды. Іс-шара кәсіби
дағдыларын дамытқысы келетін және табысты мансап құруға ұмтылатын студенттерді
біріктірді.
Кездесудің тақырыбы — «Назарға бірден ілігетін
түйіндеме жаса».
HeadHunter сарапшылары тиімді түйіндеме құрудың жолдарын түсіндіріп, үміткерлер жиі жіберетін қателіктерді атап өтіп, сұхбатқа дайындалуға қатысты практикалық кеңестерімен бөлісті.
Студенттер үшін мазмұнды бағдарлама дайындалды:
·
түйіндемелерді талдау,
·
мансаптық мүмкіндіктерді талдау,
·
HeadHunter сарапшыларымен ашық пікірталас.
Кездесуге ерекше
қызығушылық танытқан Бағдарламалық инженерия кафедрасының студенттері
белсенді түрде пікірталасқа қатысып, ІТ саласындағы болашағы жайлы сұрақтар
қойды.
Кездесу соңында студенттер спикерлерге жеке барып, мансаптық кеңестер мен ұсыныстар алды.
CareerTalks METU студенттері үшін тек білім алмасу алаңы ғана емес, сонымен
қатар армандаған жұмысқа апарар алғашқы қадам болды.