29 қыркүйекте METU
студенттері FutureToday Career Forum еңбек жәрмеңкесіне қатысып, Procter & Gamble, PepsiCo, EY және басқа жетекші компаниялармен танысты.
Студенттер жұмыс берушілермен танысу, тағылымдамалар мен вакансияларға өтінім беру, шеберлік сыныптары мен интерактивті сессияларға қатысу, сондай-ақ лотереялар мен ойындық іс-шараларда белсенділік көрсету мүмкіндігіне ие болды.
Ерекше белсенділік көрсеткендер – «Тамақ өндірісінің техникасы және технологиясы» кафедрасының студенттері,
олар жұмыс берушілермен байланыс жасап, кәсіби мүмкіндіктер туралы сұрақтар
қойып, тағылымдамаларға өтінім берді.
Мұндай іс-шараларға қатысу студенттерге құнды тәжірибе алуға, кәсіби
байланыстар орнатуға және болашақ мансап жолында сенімді қадам жасауға
мүмкіндік береді.