2025 жылғы 2 қазанда Астана қаласында Digital Bridge 2025 халықаралық технологиялық форумы өз жұмысын бастады. Бұл форум — жаңа цифрлық дәуірдің басты алаңдарының бірі. Оған әлемдік сарапшылар, үкімет өкілдері және жоғары оқу орындарының жетекшілері қатысты.
Халықаралық инженерлік-технологиялық университетінің басшылығы ҚР Ғылым және жоғары білім министрінің қатысуымен өткен форумның ашылу рәсіміне және стратегиялық сессияларына қатысты.
Форумның алғашқы күнінде көтерілген негізгі тақырыптар:
• Блокчейн технологияларының экономика мен білім беру жүйесіне ықпалы;
• Жасанды интеллект арқылы мектептер мен ЖОО-ларда оқытудың жаңа тәсілдері;
• Жасанды интеллект туралы заң — цифрлық болашақтың құқықтық негізі;
• AI Sana жобасының жетекшісі Пол Киммен кездесу және МИТУ-дің оқу бағдарламаларына ИИ-ді енгізу мәселелері.
МИТУ студенттері үшін бұл қандай мүмкіндіктер береді?
• Жаңа буын AI курстарына қолжетімділік;
• Халықаралық инновациялық жобаларға қатысу;
• Озық технологиялармен жұмыс жасау дағдыларын меңгеру.
МИТУ үшін бұл – цифрлық білім берудің сапасын арттыруға және студенттерді заманауи технологиялар әлемімен терең таныстыруға бағытталған маңызды әрі стратегиялық қадам.
Университет инновациялық шешімдерді оқу үдерісіне енгізу арқылы болашақ мамандарды даярлауда жаңа деңгейге көтерілуде.