"Тағам өндірісінің техникасы және технологиясы" кафедрасының 3-курс студенттері үшін Қазақ мал шаруашылығы және жемшөп өндірісі ғылыми зерттеу институтында ұйымдастырылған сабақ өткізілді.
Ауыл шаруашылығы ғылымдарының докторы, профессор Оразбаев Серик Ауелбекович өсімдіктердің сапалық көрсеткіштері (азот, фосфор, калий, ақуыз және микроэлементтер) және олардың жем-шөп өндірісі мен тағам өнеркәсібіндегі маңыздылығына арналған таныстыру дәрісін жүргізді.
Бұл іс-шара студенттердің теориялық білімін тереңдетуге және мал шаруашылығы мен жем-шөп өндірісі саласындағы жетекші ғылыми мекеменің практикалық жұмыстарымен танысуға мүмкіндік берді.
Кафедра профессор Оразбаев С.А. ұйымдастырылған сабақты өткізгені және студенттердің сапалы дайындалуына көрсеткен қолдауы үшін алғыс білдіреді.