"Зиян шеккен жерлерді рекультивациялау" пәні аясында ауыл шаруашылығы ғылымдарының докторы, профессор Оразбаев Серик Ауелбекович "Зиян шеккен топырақтар және жерлердің сапалық көрсеткіштерін анықтау, олардың өзгерістері және қалпына келтіру әдістері" тақырыбында 4-курс "Жеміс-көкөніс шаруашылығы және агротопырақтану" білім беру бағдарламасының студенттерімен сабақ жүргізді.
Сабақ барысында студенттер деградацияға ұшыраған топырақтар мен жерлердің негізгі сапалық көрсеткіштерін, олардың өзгеру себептері мен әсерлерін, сондай-ақ бұзылған жерлерді қалпына келтіруде қолданылатын заманауи әдістер мен технологияларды қарастырды.
Бұл оқу іс-шарасы студенттердің кәсіби білімдерін тереңдетіп, практикалық дағдыларын арттыруға ықпал етті.