Главная Кафедры Әлеуметтік-гуманитарлық пәндер және әлем тілдері Новости кафедры «Мен оқып жүрген кітап»
01 Қазан 2025                  490
«Мен оқып жүрген кітап»

2025 жылғы 1 қазанда сағат 12:00-де Мәжіліс залында «Мен оқып жүрген кітап» жобасы аясында Ә. Нұршайықовтың «Махаббат қызық мол жылдар» романына арналған әдеби кеш өтті. Іс-шараны «Әлеуметтік-гуманитарлық пәндер және әлем тілдері» кафедрасы мен кітапхана ұйымдастырды.

 Кездесу барысында студенттер романның негізгі тақырыптарын талқылап, қазақ әдебиетіндегі орны мен тәрбиелік мәнін атап өтті. Әдеби кештің мақсаты – студенттердің кітап оқуға деген қызығушылығын арттыру, рухани құндылықтарды насихаттау.

 Шараға оқытушылар мен студенттер қатысып, белсенді пікір алмасу болды.