2025 жылғы
25 қыркүйекте Халықаралық инженерлік -технологиялық университет базасында «Бағдарламалық инженерия»
кафедрасының ұйымдастыруымен HeadHunter (hh.kz) компаниясының өкілдерінің
қатысуымен карьералық іс-шара өтті.
Іс-шара аясында «Назар аударатын резюме жаса» атты тақырыпта тренинг өткізілді.
Тренинг барысында студенттер түйіндеме құрастырудың заманауи талаптарымен және
жұмыс берушілердің назарын аудартудың тиімді әдістерімен танысты.
Қатысушылар
нақты түйіндемелерді талдап, тәжірибелі мамандардан құнды кеңестер алды.
Шақырылған спикерлер мен сарапшылар еңбек нарығындағы үрдістер туралы
инсайттармен бөлісіп, студенттерге табысты мансапқа қадам басу жолдарын
түсіндірді.
Бұл іс-шара
студенттердің кәсіби бағдарын кеңейтіп, еңбек нарығында бәсекеге қабілетті
болуына ықпал етті.