2025 жылғы 17 қыркүйек күні Халықаралық
инженерлік-технологиялық университет (ХИТУ) Ақпараттық
технологиялар және бағдарламалық инженерия кафедрасында Huawei компаниясының
өкілдерімен маңызды кездесу өтті. Кездесудің басты мақсаты — студенттерге Huawei
ICT Competition Roadshow 2025–2026 халықаралық бағдарламасына қатысу
мүмкіндіктерін таныстыру және дайындық қадамдарын түсіндіру болды.
Іс-шара барысында кафедра оқытушылары мен студенттеріне Roadshow
бағдарламасының құрылымы мен кезеңдері туралы толық ақпарат берілді. Кездесуді
Темірлан Жақсылықов жүргізіп, қатысушыларды конкурс ережелерімен және
талаптарымен таныстырды.
Талқыланған негізгі бағыттар:
·
Huawei ICT Competition туралы жалпы мәлімет және
байқау кезеңдері
·
Қатысу шарттары, студенттерді тіркеу,
технологиялық бағыттарды таңдау
·
Дайындыққа арналған ұсыныстар мен ресурстар
·
Жеңімпаздарға арналған халықаралық мүмкіндіктер
мен сертификаттар
Кездесу соңында студенттер өз сұрақтарын қойып, Huawei мамандарынан нақты
жауаптар алды. Бұл кездесу кафедра мен студенттерге байқауға жүйелі түрде
дайындалуға жол ашты.