Главная Кафедры Биохимиялық инженерия Новости кафедры БХИ КАФЕДРАСЫНЫҢ МАСТЕР-КЛАССЫ: СТУДЕНТТЕР ГЕНОМДЫҚ ДНҚ БӨЛУ ӘДІСТЕРІН МЕҢГЕРДІ
09 Қазан 2025                  182
БХИ КАФЕДРАСЫНЫҢ МАСТЕР-КЛАССЫ: СТУДЕНТТЕР ГЕНОМДЫҚ ДНҚ БӨЛУ ӘДІСТЕРІН МЕҢГЕРДІ

2025 жылғы 9 қазан күні Генетика және физиология институтында «Promega жиынтығын пайдалана отырып, адам қанынан геномдық ДНҚ бөлу» тақырыбында танымдық және тәжірибелік бағыттағы мастер-класс өтті. Іс-шараны «Биохимиялық инженерия» кафедрасы ұйымдастырып, кафедраның оқытушысы, PhD Ляззат Зенауринқызы Мусралина жүргізді. Мастер-класс барысында қатысушылар ДНҚ бөлудің кезеңдерімен, биологиялық үлгілермен жұмыс істеудің ерекшеліктерімен және молекулалық биология зертханаларында кеңінен қолданылатын Promega реагенттер жиынтығының жұмыс принциптерімен танысты.

Тәжірибелік бөлімде БИО-23-1р тобының студенттері оқытушының жетекшілігімен геномдық ДНҚ бөлуді өздігінен орындады. Жұмыс барысында олар зертханалық құрал-жабдықтармен, центрифугалармен, дозаторлармен және реактивтермен дұрыс жұмыс істеу дағдыларын қалыптастырып, биологиялық қауіпсіздік талаптарын сақтауды үйренді. БХИ кафедрасы ұйымдастыратын мұндай мастер-класстар болашақ мамандардың кәсіби құзыреттерін дамытуға, ғылыми зерттеулерге деген қызығушылығын арттыруға және молекулалық-генетикалық үдерістерді терең түсінуге ықпал етеді.