23 қыркүйек күні «Биохимиялық инженерия» кафедрасының БТ-25-1р тобының студенттері эдвайзерлері Утегалиева Физила Утегалиевнаның жетекшілігімен Almaty Museum Arts заманауи өнер мұражайына барды. Жылы да шуақты күзгі күні өткен бұл іс-шара студенттер үшін ерекше әсер қалдырды. Олар заманауи өнердің алуан қырын танып, қазақстандық және шетелдік суретшілердің туындыларымен танысты. Экспозициялар студенттерге батыл идеяларымен, ерекше композицияларымен және шығармашылық еркіндік рухымен әсер етті.
Экскурсия барысында эдвайзер Утегалиева Физила Утегалиевна өнердің адамның дүниетанымын кеңейтудегі және креативті ойлау қабілетін дамытудағы маңыздылығын атап өтті. Мұражайға бару тек мәдени шара ғана емес, сонымен қатар студенттердің эстетикалық талғамын қалыптастыруға, шығармашылық ойлауын арттыруға бағытталған тәрбиелік іс-шара болды. Мұндай сапарлар студенттердің достық қарым-қатынасын нығайтып, ғылым мен өнерді ұштастыра отырып, олардың тұлғалық және кәсіби дамуына үлес қосады.