Главная Кафедры Биохимиялық инженерия Новости кафедры БХИ КАФЕДРАСЫНЫҢ БІРІНШІ КУРС СТУДЕНТТЕРІ КІТАПХАНАҒА ТАНЫСТЫРУ ЭКСКУРСИЯСЫНАН ӨТТІ
26 Қыркүйек 2025                  1500
БХИ КАФЕДРАСЫНЫҢ БІРІНШІ КУРС СТУДЕНТТЕРІ КІТАПХАНАҒА ТАНЫСТЫРУ ЭКСКУРСИЯСЫНАН ӨТТІ

Жыл сайын «Биохимиялық инженерия» кафедрасының бірінші курс студенттері дәстүрлі түрде университет кітапханасына таныстыру экскурсияларына қатысады. Бұл іс-шаралар студенттердің оқу процесіне бейімделуіне, кітапхана мүмкіндіктерімен танысуына және кітап қорын мен электрондық ресурстарды тиімді пайдалану жолдарын меңгеруіне бағытталған.

Биылғы экскурсия 26 қыркүйек күні өтті және оны кітапхана меңгерушісі Махамбетова Зағи Садуақасовна жүргізді. Іс-шара барысында студенттер оқу және ғылыми әдебиеттер қорымен танысып, электрондық каталогты, деректер базасын және онлайн ресурстарды пайдалану тәсілдерін үйренді. Мұндай таныстыру сабақтары студенттердің ақпараттық сауаттылығын арттырып, олардың оқу барысында қажетті әдебиеттерді табу және пайдалану дағдыларын қалыптастырады.

Сонымен қатар, кітапхана қызметкерлері студенттерге оқу залын пайдалану ережелері, оқулықтарды алу тәртібі және ғылыми материалдармен өз бетінше жұмыс істеу мүмкіндіктері туралы айтып берді. Студенттер ерекше қызығушылық танытқан заманауи цифрлық сервистер кітапхана қорына онлайн қолжетімділік алуға мүмкіндік береді. Экскурсия жылы әрі танымдық атмосферада өтіп, студенттерге жағымды әсер қалдырды және кітапхана ресурстарын жиі пайдалануға ынталандырды.