Главная Новости METU ректорының қатысуымен Эдвайзерлер кеңесінің кеңейтілген отырысы
14 Қазан 2025                  200
METU ректорының қатысуымен Эдвайзерлер кеңесінің кеңейтілген отырысы

METU университетінің ректоры Дархан Берикович Акпанбетовтың қатысуымен Эдвайзерлер кеңесінің кеңейтілген отырысы өтті. Оған академиялық мәселелер департаментінің директоры, жастар саясаты департаментінің басшысы, кафедра меңгерушілері, аға эдвайзерлер, эдвайзерлер және студенттердің өкілдері қатысты.

Отырыста эдвайзерлік жүйенің қазіргі жағдайы қаралып, студенттерге академиялық және тұлғалық қолдау көрсетудегі эдвайзерлердің рөлі талқыланды. Сонымен қатар, туындайтын мәселелер мен оларды шешу жолдары қарастырылып, жүйенің тиімділігін арттыруға бағытталған шаралар ұсынылды.

Жастар саясаты департаменті университет өміріндегі студенттердің белсенділігі мен эдвайзерлердің қызметіне жалпы шолу жасады. Әр кафедраның аға эдвайзерлері 2025–2026 оқу жылына арналған іс-шаралар жоспарын таныстырды.

Отырыс барысында эдвайзерлердің студенттермен жұмысы, сабаққа қатысуы мен үлгерімі, тәртіпті сақтау, жатақханадағы тұрмыс жағдайлары және студенттердің мәдени-әлеуметтік шараларға қатысуы сияқты өзекті мәселелер жан-жақты талқыланды.

Жиынның қорытындысы бойынша эдвайзерлік қызметті жетілдіруге бағытталған нақты ұсыныстар қабылданып, алдағы жұмыс міндеттері анықталды.