2025 жылғы
22 қыркүйекте Алматы
қаласында «Жоғары білім берудің жаңа дәуіріндегі Қытай–Қазақстан білім
ынтымақтастығын ілгерілету» тақырыбында Қытай–Қазақстан форумы өтті.
Форумды Алматы
қаласының әкімдігі, Қазақстан жоғары оқу орындары қауымдастығы және Қытай
Халық Республикасының Сычуань провинциясының үкіметі ұйымдастырды.
Форумға
қатысу кәсіби байланыстар орнатуға, жоғары білім беруді дамытудың өзекті
мәселелерін талқылауға және Қытайдың жетекші университеттерімен тәжірибе
алмасуға мүмкіндік берді.
MЕTU халықаралық серіктестіктерді дамыта
отырып, Қазақстан мен Қытай арасындағы білім беру ынтымақтастығын нығайтуға
өз үлесін қосуда.