«Бағдарламалық инженерия» кафедрасының ұйымдастыруымен «Банк жүйесіндегі IT саласы» тақырыбында танымдық мастер-класс өтті. Шараның арнайы спикері — Жасулан Акылаев, АҚ «Халық банк» Басқарма төрағасының орынбасары, АКБ «Tenge Bank» бақылау кеңесінің төрағасы болды.
Мастер-класс барысында спикер IT технологияларының банк секторындағы рөлі мен маңыздылығы туралы айтып өтті. Сонымен қатар, студенттерге бағдарламалық инженерия саласындағы мамандықтардың ерекшеліктері, еңбек нарығындағы сұраныс және мансаптық өсу бағыттары жөнінде кең көлемді ақпарат берілді.
Кездесу интерактивті форматта өтіп, студенттер өздерін қызықтырған сұрақтарын қойып, тәжірибелік кеңестер алды. Шараның мақсаты — болашақ IT мамандарының кәсіби көкжиегін кеңейту және банк жүйесіндегі инновациялық технологиялармен таныстыру.