2025 жылғы 15 қазанда кафедрада «Технологиялық машиналар және жабдықтар» білім беру бағдарламасы студенттеріне арналған ашық сабақ өтті. Сабақты лектор Каренеева Ж.А. жүргізді.
Сабақтың тақырыбы: «Бөлдікті берілістер туралы негізгі ұғымдар». Сабақ барысында бөлдікті берілістердің жіктелуі, жұмыс істеу принциптері, артықшылықтары мен қолданылу салалары қарастырылды. Есептеулер мен конструктивтік ерекшеліктерге ерекше назар аударылды.
Сабақ мультимедиялық материалдар мен практикалық мысалдарды қолдана отырып, қызықты әрі танымды форматта өтті. Студенттер тақырыпқа белсенді араласып, жоғары қызығушылық танытты.
Ашық сабақтарды өткізу білім беру үдерісінің сапасын арттырып, кафедра оқытушылары арасында тәжірибе алмасуға мүмкіндік береді.