2025 жылғы 15-16 қазанда
Алматы қаласында Қазақстан Республикасы Ұлттық ғылым академиясының академигі,
Қазақстанның еңбек сіңірген ғылым және техника қайраткері, техника ғылымдарының
докторы, профессор Шмидт Мусаевич Айталиевтің (1935–2007) туғанына 90 жыл
толуына арналған «Механика мен көлік құрылыстарының өзекті мәселелері» атты
халықаралық ғылыми-практикалық конференция өтті.
Конференцияның құрметті қонақтарының бірі Қазақстан Республикасының
Ұлттық инженерлік академиясының президенті, техника ғылымдарының докторы,
профессор, ҚР ҰҒА академигі Жұмағұлов Бақытжан Тұрсынұлы болды. Өз
сөзінде ол Ш.М.Айталиевтің адамдық
және кәсіби ұлылығын айқындайтын құнды естеліктер мен өмірінен алынған
оқиғалармен бөлісті.
Гибридті форматта өткен конференция 10-нан астам елден келген жетекші
ғалымдар мен инженер-мамандарды біріктірді. Көтерілген тақырыптардың өзектілігі
ғылыми бағдарлама аясында 200-ден астам баяндама ұсынылған қатысушылардың
жоғары қызығушылығымен дәлелденді.
Іс-шара Қазақстан Республикасы Президенті жанындағы Ұлттық ғылым
академиясының, Қазақстан Республикасының Ғылым және жоғары білім
министрлігінің, Қазақстан Республикасының Ұлттық инженерлік академиясының және
елдің жетекші жоғары оқу орындарының қолдауымен өтті.
Халықаралық инженерлік-технологиялық университеті конференцияның тең ұйымдастырушысы ретінде
іс-шараны ұйымдастыру мен ғылыми бағдарламаны дайындауға айтарлықтай үлес
қосты.
Пленарлық және секциялық отырыстар барысында механика, құрылыс және көлік
нысандарының сейсмикалық тұрақтылығы мәселелері талқыланды. Ерекше назар ғалымның ғылыми
мұрасына аударылды. Оның іргелі зерттеулері Алматы метрополитенін жобалау мен салудың
ғылыми негізіне айналып, сейсмикалық қауіпті аймақтардағы жерасты
тоннельдерінің тұрақтылығын бағалау әдістерін жасауға бағытталды.
Қатысушылар Ш.М. Айталиевтің ғылыми идеялары мен қағидалары бүгінгі күнге дейін өз маңызын жоғалтпағанын, Қазақстан инженерлік ғылымының дамуына негіз болып келе жатқанын атап өтті. Конференция тәжірибе алмасу, ғылыми байланыстарды нығайту және механика мен көлік құрылысындағы инновациялық тәсілдерді ілгерілету үшін маңызды алаңға айналды.