17 қазанда Халықаралық
инженерлік-технологиялық университеттің ректоры Д.Б. Ақпанбетов ғылыми бағдарлама BR21881957
«Бие және түйе сүтін терең өңдеудің технологиясы мен вакуум-сублимациялық
кептіру жабдығын әзірлеу» аясында жасалған FD-4.1
вакуум-сублимациялық кептіру кешенінің тәжірибелік үлгісінің таныстырылымына
қатысты.
Бағдарлама Халықаралық инженерлік-технологиялық
университеті (МИТУ), академик Ө.А. Жолдасбеков атындағы Механика және
машинатану институты және «Qymyz» қазақ-неміс
ғылыми-зерттеу институты»
ЖШС
ғалымдарының бірлескен еңбегімен жүзеге асырылды. Нәтижесінде МИТУ базасында Тағам инженериясының вакуум-сублимациялық
технологияларының ғылыми-оқу орталығын құру жоспарланып отыр. Бұл
орталықта студенттер мен ғылыми қызметкерлер әзірленген жабдықты оқу және
зерттеу мақсатында пайдалана алады.
Жобаны жүзеге асыруда «Qymyz» қазақ-неміс ғылыми-зерттеу институты» ЖШС маңызды рөл атқарады. Институт технологияны
өнеркәсіптік деңгейде енгізу мен техникалық сүйемелдеуді қамтамасыз етіп,
жабдықты өндірістік алаңдарда сынақтан өткізуге ықпал етеді. Құрылып жатқан
орталықтың бірегейлігі – «Qymyz» институтының өндірістік қолдау көрсетіп,
технологияларды енгізу процесін сүйемелдеуі. Бұл өз кезегінде тапсырыс
берушілердің нақты сұраныстарына жедел жауап беруге және ғылыми әзірлемелердің
экономикалық тиімділігін арттыруға мүмкіндік береді.
Іс-шараны Қазақстан
Республикасының Ұлттық инженерлік академиясының вице-президенті, академик А.К.
Төлешов ашып, атқарылған жұмыстың
жоғары ғылыми-техникалық деңгейін және оның отандық инженерлік ғылымның дамуына
қосқан зор үлесін атап өтті:
«Бұл жұмыс
жоғары ғылыми және техникалық деңгейде орындалған, ғылыми және әлеуметтік
маңызы зор. Ғалымдар жаңа технологиялық шешімдер ұсынды - бұл әртүрлі салалар мамандарының нақты экономикалық нәтиже үшін
бірлескен еңбегінің жарқын мысалы», - деді ол.
Академик жобаның ғылым, білім және өндіріс арасындағы тиімді өзара байланыс пен синергияның үлгісі екенін, сондай-ақ инженерлік және агротамақтық бағыттарда осындай бастамаларды іске асыруға жол ашатынын ерекше атап өтті.
Іс-шараға академик Ө.А.Жолдасбеков атындағы Механика және машинатану институтының өкілдері, Қазақстандағы тамақ өнеркәсібіне арналған жабдық өндіретін ірі компаниялардың бірі – «PROSNAB service» ЖШС, сондай-ақ «Агроинженерия ғылыми-өндірістік орталығы» ЖШС өкілдері қатысты. Олар технологияны тәжірибелік тұрғыда сынау және тәжірибе алмасу ісіне өз үлестерін қосты.