Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігі «Жоғары оқу орнының үздік оқытушысы» конкурсының өткізілетінін хабарлайды.
Конкурсқа ғылыми-педагогикалық салада үздіксіз бес жылдық еңбек өтілі бар және кәсіби қызметінде жоғары жетістіктерге қол жеткізген профессорлық-оқытушылық құрам өкілдері қатыса алады.
Конкурс екі кезеңнен тұрады:
I кезең – 2025 жылғы 3 қарашадан 14 қарашаға дейін;
II кезең – 2025 жылғы 1 желтоқсаннан 12 желтоқсанға дейін.
«Жоғары оқу орнының үздік оқытушысы» атағын беру Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің м.а. 2015 жылғы 16 наурыздағы №124 бұйрығына сәйкес жүзеге асырылады.
I кезеңге қатысу үшін жоғары оқу орындарының штаттық оқытушылары Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігінің ақпараттық жүйесі арқылы құжаттарын тапсырады: https://universitycontest2024.iac.kz/.