2025 жылдың 15 қазанында Шымкент қаласында "Жастар
саясатын қолдау орталығының" ұйымдастыруымен жоғары білімнің "Bilimdi
Keleshek-II" халықаралық көрмесі өтті.
Халықаралық инженерлік-технологиялық университеті (METU)
көрмеге қатысып, өзінің инновациялық білім беру бағдарламалары мен заманауи оқу
ортасын ұсынды. Университет өкілдері келушілермен белсенді қарым-қатынас
орнатып, METU-дегі студенттік өмір, ғылыми жобалар мен халықаралық
серіктестіктер туралы жан-жақты ақпарат берді.
Көрмеге 11-сынып оқушылары, колледж түлектері мен
ата-аналар ерекше қызығушылық танытты. METU-дің қатысуы болашақ талапкерлермен
байланысты нығайтып, жастардың инженерлік және технологиялық мамандықтарға
қызығушылығын арттырды.
Автор:
Мусақызы Ж.