Главная Новости «Тәуелсіз Қазақстанның жетістіктері» атты кітап көрмесі
20 Қазан 2025                  141
«Тәуелсіз Қазақстанның жетістіктері» атты кітап көрмесі

    МИТУ Ғылыми кітапханасында Республика күніне орай «Тәуелсіз Қазақстанның жетістіктері» атты кітап көрмесі ұйымдастырылды. Көрменің мақсаты – еліміздің тәуелсіздік жылдарындағы тарихи кезеңдерді, экономикалық, мәдени және білім саласындағы жетістіктерді насихаттау, студент жастардың отансүйгіштік сезімін арттыру.Көрмеде Қазақстан Республикасының қалыптасу және даму тарихы, елдің саяси-экономикалық жаңғыруы мен ұлттық құндылықтарын дәріптейтін еңбектер ұсынылды. Сонымен қатар, Елбасы мен мемлекет қайраткерлерінің еңбектері, тәуелсіздік жылдарындағы жетістіктер мен заманауи реформалар туралы кітаптар да оқырмандар назарына қойылды.Іс-шараның басты мақсаты – жастарды ел тарихын терең түсінуге, мемлекеттік мерекелерге құрметпен қарауға және ұлттық рухты дәріптеуге баулу.