2025 жылдың 17 қазанында Түркістан қаласында "Жастар
саясатын қолдау орталығының" ұйымдастыруымен жоғары білімнің "Bilimdi
Keleshek-II" халықаралық көрмесі өтті.
Халықаралық инженерлік-технологиялық университеті (METU)
көрмеде өз білім беру бағдарламаларын, ғылыми жобаларын және халықаралық алмасу
мүмкіндіктерін таныстырды. Университет өкілдері келушілерге METU-дегі
студенттік өмір, серіктестік байланыстар мен оқу артықшылықтары туралы кеңінен
баяндады.
Көрме Түркістан қаласында жоғары оқу орындары мен
талапкерлер арасындағы байланысты нығайтып, жастардың инженерлік және
технологиялық мамандықтарға қызығушылығын арттырды.
Автор:
Мусақызы Ж.