Главная Новости «Мен оқып жүрген кітап» жобасы аясында «Тастамашы, ана!» кітабы талқыланды
21 Қазан 2025                  390
«Мен оқып жүрген кітап» жобасы аясында «Тастамашы, ана!» кітабы талқыланды

    МИТУ Ғылыми кітапханасында «Мен оқып жүрген кітап» жобасы аясында жас оқырмандар арасында Айгиз Баймұхаметовтың «Тастамашы, ана!» атты кітабы талқыланды.Кездесу барысында қатысушылар кітаптың негізгі тақырыбы – аналық мейірім, адамгершілік және өмір сынақтарына төзімділік туралы ойларымен бөлісті. Автордың шынайы өмірден алынған оқиғалары оқырмандарға ерекше әсер қалдырды.Шараның мақсаты – жастарды кітап оқуға баулу, рухани құндылықтарды дәріптеу және ата-ана қадірін ұғындыру. Талқылау соңында қатысушылар мұндай әсерлі шығармалар жас ұрпақтың тәрбиесінде маңызды рөл атқаратынын атап өтті.

«Тастамашы, ана!» – жастарды мейірімді, адамгершілікті, ата-анасына құрметпен қарауға тәрбиелейтін, өмірлік сабақ беретін терең мағыналы шығарма.