Халықаралық инженерлік-технологиялық университеті мен Жүсіп Баласағұн атындағы Қырғыз ұлттық университеті арасындағы академиялық ұтқырлық бағдарламасы аясында METU-ге Қырғыз Республикасынан студент Токторбаева Сабрина Урматовна келді.
Сабрина 2025 жылдың күзгі семестрінде «Бағдарламалық инженерия» кафедрасында білім алуда. Академиялық ұтқырлық бағдарламасы студенттердің кәсіби құзыреттілігін арттыруға, академиялық тәжірибе алмасуға және Қазақстан мен Қырғызстан жоғары оқу орындары арасындағы ынтымақтастықты нығайтуға бағытталған.
«Бағдарламалық инженерия» кафедрасының профессорлық-оқытушылық құрамы Сабринаның METU-дегі оқуы оның кәсіби дамуына және халықаралық академиялық байланыстардың кеңеюіне үлкен үлес қосатынына сенім білдірді.