2025 жылдың 21 қазанында ТиПП-25-1к тобының студенттеріне арналған
кураторлық сағат аясында Республика күніне орай тақырыптық кездесу өтті.
Іс-шараны «ТиПП» кафедрасының эдвайзері Джумабекова Гүлзира Шабаевна
және «СГДиМЯ» кафедрасының эдвайзерлер координаторы Шаймуханова Сауле
Дюсетаевна бірлесіп ұйымдастырды.
Кездесу барысында студенттерге тарихи маңызы зор Қазақ КСР мемлекеттік
егемендігі туралы декларациясы (1990 жылғы 25 қазан) таныстырылды. Бұл құжат
еліміздің тәуелсіздікке бастар алғашқы қадамдарының бірі болған.
Спикерлер бұл оқиғаның мемлекеттік тәуелсіздікті қалыптастырудағы және ұлттық сананы дамытудағы маңызды рөлін атап өтті. Студенттер белсенді қатысып, тарихи жадты сақтау мен жас ұрпақты патриоттық рухта тәрбиелеудің маңыздылығына тоқталды.
Мұндай кездесулер жастардың азаматтық ұстанымын қалыптастыруға және еліміздің тарихи мұрасына саналы көзқарасты дамытуға ықпал етеді.