Главная Кафедры Бағдарламалық инженерия Новости кафедры METU-да Жасанды интеллект және киберқауіпсіздік саласындағы халықаралық профессор Elhadj Benkhelifa-тің дәрісі өтті
21 Қазан 2025                  120
METU-да Жасанды интеллект және киберқауіпсіздік саласындағы халықаралық профессор Elhadj Benkhelifa-тің дәрісі өтті

METU-да "Бағдарламалық инженерия" кафедрасында Ұлыбританиядағы Staffordshire University Жасанды интеллект және цифрлық инновациялар профессоры, Жасанды интеллект пен киберқауіпсіздік зертханаларының директоры проф. Elhadj Benkhelifa ресми сапармен келіп, дәріс оқыды.

Профессор Benkhelifa — халықаралық деңгейде мойындалған ғалым, H-индексі 33. Ол жасанды интеллект, киберқауіпсіздік және заманауи цифрлық жүйелер саласындағы жетекші зерттеушілердің бірі болып табылады. Сонымен қатар ол FHEA, SMIEEE, MACM, PRINCE2 Practitioner сияқты беделді кәсіби мәртебелердің иегері.

Дәріс тақырыбы: “Artificial Intelligence and Cybersecurity in Modern Digital Systems”.

Іс-шараға бакалавриат студенттері, магистранттар, докторанттар және профессор-оқытушылар құрамы қатысты. Лекция барысында профессор заманауи цифрлық инфрақұрылымда жасанды интеллект технологияларын киберқауіпсіздікті қамтамасыз ету үшін пайдалану бағытындағы әлемдік трендтер мен ғылыми жетістіктер туралы айтты.

METU мұндай халықаралық ынтымақтастықты нығайту арқылы студенттер мен оқытушылардың ғылыми әлеуетін арттыруға, сондай-ақ инновациялық технологияларды білім беру процесіне енгізуге ерекше мән береді.