Оқу бағдарламасы аясында «Тағам өндірістерінің технологиясы және инжинирингі» білім беру бағдарламасының 3 курс оқушылары «Тағам өндірісінің техникасы және технологиясы» кафедрасының ұйымдастыруымен «Бірінші сыра зауыты» ЖШС-не экскурсияға барды.
Экскурсия барысында оқушылар сыра өндірудің заманауи технологияларымен, ашыту, құю және орау ерекшеліктерімен, сондай-ақ өндірістік жабдықтардың жұмыс істеу принциптерімен танысты. Кәсіпорын өкілдері өндірістің барлық кезеңдерінде қолданылатын сапа стандарттары туралы айтып өтті.
Мұндай іс-шаралар теория мен практиканы ұштастыруға, оқушылардың кәсіби ынтасын арттыруға және тамақ өнеркәсібіндегі нақты өндірістік жағдайлар туралы түсінігін кеңейтуге ықпал етеді.