Главная Кафедры Экономика және бизнес Новости кафедры METU студенттік үйінде поэзия кеші
20 Қазан 2025                  91
METU студенттік үйінде поэзия кеші

2025 жылдың 20 қазанында МИТУ студенттік үйінде қазақтың ұлы ақыны, ойшылы және ағартушысы Абай Құнанбайұлына арналған поэзия кеші өтті.

Іс-шара жылы әрі шығармашылық атмосферада өтті. Студенттер Абайдың мәңгілік мәнге ие өлеңдерін оқып, «Желсіз түнде жарық ай», «Көзімнің қарасы» сияқты танымал әндерін орындады.

Кештің мақсаты — студенттерді Абайдың рухани мұрасымен таныстыру, туған мәдениетке деген сүйіспеншілікті және қазақ сөзіне құрмет сезімін қалыптастыру болды.

Іс-шараның ұйымдастырушысы — «Экономика және бизнес» кафедрасының аға эдвайзері Доскаранова Асия Мұратқызы.
Кешке кафедра меңгерушісі Дильдебаева Жұлдыз Тұрсынқызы және кафедра оқытушысы Ниеткалиева Динара Ермекқызы қатысты.

Поэзия кеші студенттер мен оқытушылардың ән шырқап, еркін әңгімелесуімен аяқталды.
Абай шығармашылығы — ұлт рухының мәңгілік шамшырағы.