Главная Кафедры Әлеуметтік-гуманитарлық пәндер және әлем тілдері Новости кафедры Республика күні – Қазақстандағы ең басты ұлттық мереке!
22 Қазан 2025                  141
Республика күні – Қазақстандағы ең басты ұлттық мереке!

        2025 жылдың 22 қазанында Халықаралық инженерлік-техникалық университетінде «Әлеуметтік-гуманитарлық пәндер және әлем тілдері» кафедрасының оқытушылары, университет кітапханасының меңгерушісі және ИИТЭ-25-1р, УиА-25-1р, Фин-25-1р, РЭТ-25-1.1к мамандықтарының 1-курс студенттері Республика күніне арналған дөңгелек үстел өткізді.

         Іс-шара барысында мемлекеттік егемендіктің қалыптасу мәселелері талқыланып, 1990 жылғы 25 қазанда қабылданған Қазақ Кеңестік Социалистік Республикасының «Мемлекеттік егемендік туралы декларациясы» құжатының тарихи маңызы ашып көрсетілді. Декларация баптарына талдау жасалып, «егемендік», «декларация», «тәуелсіздік», «конституциялық заң» ұғымдарының мәні айқындалды. Пікір алмасу кезінде Қазақстан Республикасының картасы көрсетіліп, Декларация қабылданғанға дейінгі және кейінгі тарихи оқиғалардың хронологиялық тізбегі жасалды, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Президентінің ресми сайтындағы деректер пайдаланылды.

         Дөңгелек үстелге қатысушылар Республика күні – мемлекеттілікті және халық бірлігін нығайтуға, әділетті қоғам құруға бағытталған ерекше мереке деген қорытындыға келді. Сонымен қатар, студент жастарды университеттің қоғамдық өміріне белсенді қатысуға шақырды.

         Кафедра оқытушылары Ахметжанова А.Т., Шаймуханова С.Д., Цыренжапова Г.Г., кітапхана меңгерушісі Махамбетова З.С., студенттер Ким В., Кот Е., Жұмабеков Р., Баджурак М., Тасыбеков Э. барша қауымды мерекемен шын жүректен құттықтады!